Оралда патрульдік полиция көпірден секірмекші болған қызды құтқарып қалды.
Үйінде жанжал болған: Оралда қыз көпірден секірмек болды
842
оқылды

Полиция қызметкерлері Дамир Казиханов пен Мирас Каримоллин түнгі патрульдеу кезінде көпір қоршауынан секірмекші болған қызды байқап қалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Сақшылар шапшаңдық танытып қас-қағым сәтте қарғып кете жаздаған қызды құтқарып үлгерді", – деп хабарлады полициядан.

Белгілі болғандай, мұндай әрекетке үйдегі жанжал итермелеген. Қазір оның жағдайы жақсы және туыстары қолдау көрсетіп жатыр.