Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 243 бірлік техника және 454 жолшы жұмылдырылған.
Ауа райына байланысты 2 облыста жол жабылды
Фото: egemen.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді.

Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 520 шақырым 3 автожол. (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел) 

1. «Қызылорда - Павлодар» Қарағанды қ. - Павлодар обл. шекарасы ⁠(барлық көлік түрі үшін) 

2. «Екатеринбург-Алматы» Новостройка а. - Ақсу-Аюлы а. 

3. ⁠ «Қарағанды – Аягөз - Бұғаз» - Қарағанды қ. - Қарқаралы қ. (Қоғамдық және жүк көліктер үшін) 

Павлодар облысында жалпы ұзындығы 71 шақырым 1 автожол. (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

 1. «Қызылорда-Павлодар» - Қарағанды обл. шекарасы-Шідерту ауылы. (Барлық көлік түрі үшін) 

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 243 бірлік техника және 454 жолшы жұмылдырылған.