Келесі қарсыласы – португалиялық Рита Оливейра.
Каратэші Софья Берульцева Түркияда қарсылас шақ келтірмей, ширек финалға шықты
Фото: Софья Берульцева
765
оқылды

2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, қазақстандық каратэші Софья Берульцева Түркияда қарсылас шақ келтірмей, қатарынан үш спортшыны жеңіп, ширек финалға өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, іріктеу сайысында 68 келіден жоғары салмақта Берульцева белгиялық Мулоло Офелиямен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Екінші жекпе-жекте Титта Кейнаненді (Финляндия) ойсырата ұтты. Есеп: 3:1

Ал үшінші бәсекеде Аустралия өкілі Салливан Ханнаны жерлесіміз 3:0 есебімен жеңді. Осылайша ширек финалға шықты. 

Келесі қарсыласы – португалиялық Рита Оливейра.