Саусағына сақина таққан қызылордалық оқушы бала кейінірек оны шеше алмай қиналды.
Қызылордада саусағындағы сақинасын шеше алмаған оқушыға құтқарушылар көмектесті
1,515
оқылды

Жасөспірімге құтқарушылар көмегі қажет болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға Қызылорда қаласындағы “Дарын” оқу орталығында болған.

"Жедел құтқару жасағына оқушының саусағындағы сақинасын шешу қажеттігі туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар арнайы слесарлық құралдармен саусақтағы сақинаны шешті", – деп жазылған ТЖД мәліметінде.

Аталмыш оқу орталығының мұғалімі Жәуке Абзал құтқарушыларға алғыс білдірді.