Өнер иесінің әкесі былтыр дүниеден озған болатын.
"Ол кезде дүкенде көп нәрсе болмайтын": Қанат Айтбаев балалық шағын есіне алды
2,241
оқылды

Танымал өнер қайраткері, сазгер Қанат Айтбаев бала кезіндегі қызық оқиғаларын “Жақсы адамдарым” бағдарламасында айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Үйде анам мен әкем ешқашан "жалғыз бала" деп қарамады. Бетіммен жібермеді және қатал да ұстамады. Қас-қабағына қарап өстік. Әкем де, анам да сөзбен айтатын. Әкем бірнәрсеге ренжісе, үндемей қалатын. Ең ауыр жаза сол еді. Әкеме де, анама да жақын болып өстік. Өйткені, бар мейірімге шомылдырып, бар жақсы қасиетті бойымызға сіңірді. Ешқашан еш нәрседен шектемеді”, – деп көз жасына ерік берді. 

Одан кейін сазгердің айтуынша, бала күнінде түрлі қызығатын дүниелерін ата-анасы алып беріп отырған.

“Сол кезде дүкенде көп нәрсе болмайтын. Ауылдағы балалардың алды болып, ең алғаш велосипедті де мен алдым. Бала кезде қызығушылығым көп болатын. Сұраған затымды әкем мен анам поштамен алдырса да, тауып беретін. Мектепте оқып жүргенде фотоға түсірумен әуестендім. Сол кезде құрал-жабдығын әкем басқа қаладан әкеліп берген еді. Сондықтан әкем мен анама ризамын. Анамыздың қабағына кірбің түспесе деймін. Ата-анамыздың тарапынан ешқашан дауыс көтеру, айқайлау дегенді естімеген, ұрып-соғуды көрмеген адамбыз", – деп жан сырын ақтарды өнер иесі.