Өнер иесі қыз-келіншектерге кеңес берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Меруерт Түсіпбаева аталмыш тақырыпқа қатысты өз ойын Instagram парақшасында жазды. Әнші отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге еш ойланбастан қашуға кеңес берді.
Оның пайымынша, адам ешқашан өзгермейді.
"Қайда қарасаң да, жапа шеккен әйелдер ғой. Құдай сақтасын, кейбір қазақтың еркектері не болып кеткен?! Болашақ стипендиясын алып, шетелде оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу бауырымыздың ісі анау. Енді ештеңе көрмедім, ештеңе білмедім деп отыр. Қыздар, ұрмақ түгілі, балағаттап жіберсе де қашыңдар! Адам өзгермейді! Аяғыңа жығылып, Құран ұстап жалынса да, 8-9 балаңыз етекке оралып жатса да қашу керек! Әйтпесе тым кеш болады", – деп жазды эстрада жұлдызы.