Қарағандының өрт сөндірушілері 5 адамды құтқарды, – деп хабарлады Aikyn.kz.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазыбек би ауданында екі қабатты ғимараттың жертөлесінде ағаш қаптама жанған. ТЖД күшімен ғимараттың 2-қабатының балконынан баспалдақ арқылы 5 адам құтқарылды. Өрт толығымен жойылды.
Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 30 адамы және 7 бірліктен астам техника шықты.