Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
Қазақстанда МӘМС жарнасын төлеу жүйесіне өзгеріс енгізілмек
Фото: egemen.kz
675
оқылды

Енді қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) әділдік қағидаты бойынша төлейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде медицина саласын талқылауға арналған жиында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлеуде әділдікке қол жеткізу мақсатында салық төлеушілердің барлық топтары тиімді мөлшерлеме бойынша жарналарды төлейтін нақты шкалаға көшу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, табысы төмен адамдар ауқатты азаматтардан артық төлемеуі керек», – деді А. Әлназарова.

Министрліктің мәліметінше, ұсынылған шаралардың нәтижесінде медицина саласында халықтың қалта немесе жеке шығыстарының төмендеуі, сақтандырылған азаматтардың алдын ала төленген сапалы медициналық көмек алу құқықтарын қорғау ескерілген.

Сондай-ақ, бұл жаңалық медицина ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы және денсаулық сақтауды қаржыландырудың сақтандыру моделіне көшу мәселелерін біртіндеп шешуге мүмкіндік береді.