ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі болып тағайындалды.
Әсет Тұрысов Қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
604
оқылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

1987 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Нархоз университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да бастаған.

2010-2011 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ-да электрлік байланыс инженері.

2011-2012 жылдары – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі «Электрондық үкіметті» дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының м. а.

2012-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Ақпараттандырудың жаңа моделін қалыптастыру және жобалық құжаттаманы талдау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2014 жылы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК басқарушы директоры

2014-2017 жылдары «Қазпошта» АҚ құрылымында қызмет етті.

2018-2021 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.