Қазақстандық боксшылар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпы есепте бірінші орынға шықты.
Санжар Тәшкенбай Олимпиадалық салмақта топ жарды
Фото: olympic.kz
1,452
оқылды

Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық боксшылар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпы есепте бірінші орынға шықты.

Сегіз боксшымыз финалда жұдырықтасып, оның төртеуі қарсыласқа есе жіберген. 

Belgrade winner турнирінде жүлдегер атанған Қазақстан боксшылары:

Алтын: 

Ернұр Қайрат (48 келі), Санжар Тәшкенбай (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Диас Молжігітов (75 келі);

Күміс: 

Сабыржан Аққалықов (71 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Данияр Рақымбердиев (92 келі), Олжас Боқаев (+92 келі).