Биыл ауылдық жерлерде тұратын халыққа 556 медициналық нысан пайдалануға беріледі. Бұл ауыл тұрғындарын шұғыл медициналық көмекпен қамтып, дәрігер тапшылығы мәселесін шешуге тиіс.
Ауыл медицинасының ахуалы жақсарады
283
оқылды

«Біз Президенттің ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларының уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Тұрғындар нақты өзгерістерді көруі қажет», – деп атап көрсетті Премьер-Министр Олжас Бектенов 18 наурыздағы Үкімет отырысында.

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылда ден­саулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жо­басы іске қосылғаны белгілі. Өйт­кені ауыл медицинасының бүгінгі ахуалы өте өзекті күйінде қалып отыр. Рес­публика өңірлеріндегі ал­ғашқы меди­циналық-сани­­та­риялық көмек көр­сететін меке­мелердің  ин­фра­­­­­құры­­лымының тозуы 50%-дан асып кет­­кен. 2022 жылы сол кездегі Ден­саулық сақтау министрі Ажар Ғинаят ауыл тұрғындарын сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көр­­сеткіші қала тұр­ғындарына қарағанда екі есе төмен жағ­дайда екенін мә­лімдеген болатын. «Кейбір елді ме­кендерде дәріхана мүлдем жоқ. Ауыл­дарда медициналық қыз­меткерлер жетіс­пеушілігі 1 700-ден асады, оның 1 000-нан астамы дәрі­гер», – деген экс-министр.

Аймақтардағы медицина қызметі сапасының төмендігі, дәрігерлердің жетіспеуі секілді жайттар көшпелі ем­дік пойыздың жұмысынан да айқын кө­рінген. 2023 жылы «Саламатты Қа­зақ­стан» медициналық пойызы елі­міздің 17 облысындағы 121 теміржол стан­сасына тоқтап, 90 мыңға тарта азаматқа тегін медициналық қызмет түрлерін көрсетті. Аталған меди­ци­налық по­йызда бас дәрігер болған Айнұр Егін­баевадан ел ішінен қандай сырқат түрлері жиі кездескенін сұ­рағанбыз. «Ауыл тұрғындары ара­сында байқалған ауру түрлеріне кел­сек, әр маманға әртүрлі болып кез­­­­дес­­­ті. Мә­селен, көз дәрігеріне мио­­­пиямен, ката­рактамен келіп жүгінген көп бол­ды. Невропатологқа остеохандроз, грыжа дейміз ғой, жа­рық ауруы, протрузия секілді ауру­­­лары асқынған жандар келді. Лор-дәрігерге құлақтың қабы­нуы, серная пробка дейміз, яғни құ­лақтың құлығы қатып қалуы секілді жағдайлар көп кездесті. Тіс ауруы үл­кен кісі мен ба­лалар арасында да көп. Одан бөлек, созылмалы бронхит, ане­мия, созыл­­малы панкреатит, ер адам­дарда со­­зылмалы простатит, қуық бе­зінің қа­бынуы секілді сырқат түрлері көп кездесіп отырғанын байқадық», – дейді ол. Медициналық пойыз тоқта­ған 121 стан­сада ем іздеген жандардың бойын­дағы дерттің белең алуына жер­гілікті жердің ерекшелігі де әсер етіп отырғаны мәлім болып отыр. «Әр об­лыстың орналасқан жеріне, эколо­гиялық жағдайына байланысты да кейбір сырқат түрлері көбеюі мүмкін. Мысалы, оңтүстік өңірлерде қан қы­сымы аурулары жиі кездессе, Пав­­лодар облысында өтке тас байлану, бүйрек ауруы көп, себебі ол судың сапасына байланысты туындайтын дерт. Ал батыс аймақтағы тұрғындар арасында тері аурулары жиі кездесті. Бұл мұнай-газ өндірісінің қарқынды жүру себе­бімен де байланысты жағдай», – деді А.Егін­баева.

Үкімет қабылдаған ұлттық жоба осы олқылықтардың орнын толтыр­мақ. 2024 жылғы 27 ақпандағы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау ми­нистрі Ақмарал Әлназарова былтыр басталған жобаның жалпы тізіміндегі 655 медициналық-санитариялық ны­санның 92-нің құрылысы аяқтал­ғанын айтты.

«Бүгінде 239 жоба бойынша мем­лекеттік сараптаманың оң қоры­тын­дысы алынып, 317 жоба сарап­тамадан өтуде. Қорытынды алудың күтілетін мерзімі – осы жылдың сәуір айы. Сол кезде біз толығымен сарап­тамадан өткізіп аяқтаймыз»,– деді министр.

Десе де ырғалып, жырғалып жү­руге уақыт жоқ. Бұрынғыдай бюро­­кра­тиялық кедергі атаулының да ауылы алыста қалмақ. Премьер-Министр кешегі отырыста коман­дасына 1 сәуір­ге дейін барлық жоба­­ның қар­­жы­ландыру кестесін ұсынуды тап­­сырды. Ендігі жұмыс сол кестеге сай қада­ға­ланбақ. «Әрбір министрге және әкім­ге, ұлттық компаниялардың бас­шылығына жұмысты күнделікті бақы­лауға алуды тапсырамын. Толық қай­тарыммен жұмыс істеу және жоғары нәтиже тиімділіктің көрсет­кіші бол­мақ»,– деді О.Бектенов.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, медициналық және ме­дици­налық емес бұйымдарды таңдау ке­зінде отандық тауар өнді­ру­ші­лердің өнім­деріне басымдық берілді. Бүгінде әкімдіктер конкурстарды өткізіп, ны­сандардың құрылысына 109 шарт жа­салынған. Оның ішінде 99 нысанға жергілікті атқарушы органдар көз­­деріне қоса қаржы­­лан­дыруы көз­­дел­ген. Жал­пы, 2024 жыл­­ға арналған қо­сымша қар­жыландыру қажеттілігі 498 нысан салуға 99,6 млрд теңге.

Ұлттық жобаның екінші міндеті аясында 32 аудандық ауруханаға жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Яғни, оларды материалдық-техни­­­­калық жа­ра­қ­­тандыруға 33,6 млрд тең­­ге мөл­шерінде қаражат жұмсалмақ. Осы мақ­сатта былтыр жалпы сомасы 10,5 млрд теңгеге 1 800 медициналық техника сатып алынса, 2024-2025 жыл­­­­дарға 23 млрд теңгеге 9 ан­гио­граф, 17 МРТ, 6 КТ сатып алу жоспарланған.

Денсаулық сақтау министрлігінің 22 ақпандағы кеңейтілген алқа оты­рысында дәрі-дәрмек саясатындағы мәселелер туралы сөз қозғалды.

1 шілдеден бастап елде дәрілік зат­тарды таңбалау және қадағалау жү­йесі жұмыс істей бастайды. Ол кон­трафак­тілік өнімдерді жоюға, дәрілік заттар­ды есепке алуға және ұтымды пай­­­далануға бағытталған. Дәрілік зат­­­­­­­­­­­­­тар­­­­­­­­­­­­­­дың айна­­лымына қа­тысатын барлық ұйымда, яғ­­ни өндірушіден дәріханаға дейін, осы мониторингті қамтамасыз ететін тиісті аппарат-ска­нерлер болуы тиіс.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ісі ауылдық жерлерде ақсап тұрғаны жа­сырын емес. Мемлекеттен тегін бе­ріліп отырған дәрі-дәрмек шал­ғай­­дағы елді мекен тұрғындарына уақы­­­тында жет­пейді. Екіншіден, дәіргер ма­­­­ман­ның тұрақты қадағалау қызметі жетіс­пе­гендіктен ұсынылған дәріні уақы­тында ішіп, дер кезінде емдел­­мейтін жағдай­лар жиі болады. «Ауру­дың алдын алу, уақытында емде­лу орындал­­­май­­тын­дықтан ауруы асқы­нып, инсульт, ин­фаркт алып қалып жатқан азамат көп. Былтыр ем көр­сетіп жүр­генде әр стан­сада кемінде тө­­­­­сек тартып жатқан екі науқасқа ба­­рып, емдеген кездеріміз болды. Бұл сол те­гін меди­циналық кө­мекті дер кезінде алуға немқұрайды қараудың немесе оған қол жеткізудің әртүрлі себеппен қиын­дағанының көрінісі. Ауылдық жер­лерлегі біз көрген ең негіз­­гі проб­лема осы», – дейді «Сала­матты Қазақ­стан» ме­дициналық пойы­­­­­зының бас дәрігері Айнұр Егін­баева.

Бұған қоса, жауапты министрлік маман тапшылығы проблемасын ке­­шенді түрде шешу үшін кадр саясаты жө­ніндегі тұжырымдама әзірлемек. Өйткені ұлттық жоба аясында пайда­лануға берілетін жаңа нысандарға 254 медицина қызметкері қажет бола­ды. Одан бөлек, 32 көпбейінді аудан­дық орталық аурухана үшін 898 ма­манға сұраныс туады. «Биыл осы ба­ғыт бо­­­йынша жұмыс істеу үшін 215 грант ие­­­герін жіберу жоспарланып отыр. 2024-2025 жылдары өңірлер 486 дәрі­гермен және 323 орта меди­цина қыз­­меткерімен қамтамасыз еті­летін бола­­ды. Әлеуметтік пакеттер өңір қара­­­­­­­­­­­­жа­­­­­­тының есебінен көзде­летін бо­лады. Осы мәселені әкім­дер­дің қол­дауы қажет», – деді министр А.Әл­назарова.

Денсаулық сақтау жүйесінде ел тұр­­­­­­­­­­­­ғындарынан жиі түсетін шағымның бірі – диагноз қою, клиникалық-диаг­ностикалық зерттеулерді алудағы қиын­­­­дықтарға қатысты. «Ауылдық жер­­­­лерде тұратын азаматтардың көбі­­сі тұрақты жұмыспен қамтыл­­­ма­­­­ған, кө­­бісі мау­­­­сым­­­­дық, уақытша жұ­мыс­­тар­да жүр. Өзін-өзі жұмыспен қамты­­ғандар бар. Сол себепті олар МӘМС жү­йесіне де тұрақты тіркел­меген. Ме­ди­­­­циналық сақтандыру дегенді алма­ған. Бізге ке­­ліп, медици­­­налық көмек ал­ған­­дар­дың ішінде жұмы­с­­сыздар көп екенін байқа­­дық», – дейді медицина­­лық по­йыздың бас дәрігері А.Егін­­баева.

Осы орайда, министрлік тұрғын­дар арасында әлеуметтік мәні бар ауру­ларды емдеудің нормативтік база­­сына өзгерістер енгізбекші. Ондай сырқатқа күдікті деп саналған адамдар МӘМС жүйесіндегі сақтандандыру мәрте­­бесіне қарамастан тегін негізде қызмет түрін ала алады.

Ел Президенті ұсынған мем­­ле­кет­тік саясаттың маңызды бағы­­ты­ның бірі – ұлт денсаулығын жақ­­сарту. Ме­дици­налық қызметтің сапа­сын көте­ріп, аталған жүйені жаңа деңгейге көте­­­ру Үкі­меттің ұлттық жобаны аяғы­на жеткізудегі жұмы­сының нәти­жесін де көрсетпек. 

Бауыржан БАЗАР