Бүгін ауа райы қандай болады?
9 облыста ескерту жарияланды: 19 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: Tengrinews.kz
1,072
оқылды

"Қазгидромет" 19 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың тоғыз облысында жауын-шашын жауып, көктайғақ болады және тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Облыстың батысында, шығысында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады.