Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды.
Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қызды іздеуге 300 адам жұмылдырылды
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен
951
оқылды

Алматы облысына қарасты Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды іздестіру жұмыстары  әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.

17 наурыз күні түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы  Күш ауылында үш жастағы қыз бала жоғалып кеткен. Полицияға қыздың анасы хабарласып, көмек сұраған. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды. Қазір іздеу жұмыстарына 300-ге жуық адам жұмылдырылды.

«Полицияға Күш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16.00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын жеткізді. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. Арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр»,  деп хабарлады Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі.