Түркістанда құдыққа құлап кеткен қыз есін жимастан қайтыс болды.
Түркістанда құдыққа құлап кеткен қыз есін жимастан қайтыс болды
Фото: Freepik
914
оқылды

Түркістанда құдыққа құлап кеткен қыз есін жимастан қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сағат 12.14-те қыз ес-түссіз күйде құдықтан шығарылды.  Сағат 12.15 кезінде жедел жәрдем ауруханасының қызметкерлері өлімді растады», – делінген басқарма ақпаратында. 

Айта кетейік, кеше 29 жастағы қыз ашық алаңда орналасқан дренаж құдығына құлап кеткен болатын.

Құтқару жұмысына Төтенше жағдай департаментінен, жедел жәрдем мен полиция қызметінен 31 адам және 5 техника жұмылдырылды.