Өнер иесі осыдан 9 жыл бұрын өмірден өткен ағасын еске алды.
"Белгісіз біреулер пышақтап кетті": Нұрболат Қанай ауылдан келген суық хабар туралы айтты
Фото: stan.kz
11,982
оқылды

Көпшілікке Qanay лақап есімімен танымал әнші Нұрболат Қанай отбасында болған қайғылы қаза жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі осыдан 9 жыл бұрын өмірден өткен ағасын еске алды.

"Осыдан 9 жыл бұрын Алматыда жүргенімде ауылдан "Ағаңды белгісіз біреулер пышақтап кетті. Ағаңнан айырылып қалдық" деген суық хабар келді. Ағамның артында бір ұлы мен бір қызы қалды. Сол жылдар біздің әулетке қиын тиді. Қазіргі күні ағамның балалары есейді. Алайда жеңгем қайта тұрмысқа шықпады. Осы ән арқылы ағамның сағынышын, соңғы сөзін жеңгеме жеткізгім келді. Жеңге, сен бақытты болуға лайықтысың. "Қара бұлтың көшсін" деген әннің тарихы осындай", – деді Нұрболат Қанай Instagram-дағы парақшасында.