Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтілуде.
"Тұман, көктайғақ, жел": 20 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Qazaqstan TV
1,152
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 20 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,   – деп хабарлады Aikyn.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек елдің батысында атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз сақталады.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында  найзағай күтілуде.