Кембағал жандардың құқықтарын өрескел бұзып, мүгедектер арбасын қайтыс болған жандарға «үлестіргендерді» Көкшетау қаласының прокуратурасы анықтаған.
Көкшетауда қайтыс болған мүгедектерге 2 миллион теңгенің арбасы берілген
Фото: samara.ortomedtehnika.ru
682
оқылды

Көкшетауда қайтыс болған мүмкіндігі шектеулі жандарға 2 миллион теңгеден астам соманың құралдары берілген, - деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Кембағал жандардың құқықтарын өрескел бұзып, мүгедектер арбасын қайтыс болған жандарға «үлестіргендерді» Көкшетау қаласының прокуратурасы анықтаған. 

«Көкшетау қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі жандарды техникалық қосымша құралдар және түрлі қызметпен қамтамасыз ету кезіндегі заңды-заңсыздығына талдау жүргізген. Тексеріс барысында 2000-нан астам гигиена құралдары, серуендейтін кресло-арбалар және басқа да 2 миллион теңгеден астам қаржыға алынған жеке құралдар қайтыс болған адамдарға (олардың балалары алған) ұсынылған», - дейді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша арнайы құралдар мемлекет меншігіне қайтарылып, одан әрі мүмкіндігі шектеулі адамдарға бөлінетін болды. 

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы