Қазақстан бойынша тұман, екпінді жел, шығыста, орталықта – көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай күтіледі.
Тұман, көктайғақ, найзағай: 21 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: elements.envanto
1,200
оқылды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 21 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, түнде оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, елдің оңтүстігіндегі таулы аудандарда өтеді өте қатты жаңбыр жауады.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары атмосфералық қысым аумағының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз сақталады.

Қазақстан бойынша тұман, екпінді жел, шығыста, орталықта – көктайғақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай күтіледі.