Қазгидромет синоптиктерінің болжамына сүйенсек, республика бойынша жауын-шашын болады.
Елімізде жел күшейіп, жауын-шашын, көктайғақ болады
www.istockphoto.com
9,202
оқылды

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, түнде оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, қар жауады. Республиканың оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Шығыста және орталықта көктайғақ болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.