Астана қаласының прокуратурасы емханаларға азаматтарды заңсыз тіркеу бойынша бірқатар деректі анықтады. Бұл туралы елорда прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Астанада қайтыс болған адамдарды емханаларға заңсыз тіркеген – прокуратура
aikyn.kz
1,094
оқылды

Тексеру барысында Астана қаласындағы Сарыарқа ауданы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінде шикілік шығып, азаматтарды негізсіз тіркегені белгілі болды. 

– Оның ішінде қалада тұрмайтындар мен қайтыс болғандар да бар. Тіпті, прокурорлар  пациенттердің емханаларда міндетті скринингтен (жасы бойынша) өтпегенін және балаларды профилактикалық тексеруден өтпеуі, созылмалы аурулары бар пациенттерге дәрілерді уақытылы берілмегенін анықтады", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Тексерудің нәтижесінде прокурорлық қадағалау актілері енгізіп, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оған қоса, 12,5 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды.