Көкшетауда әскери бөлімнің сарбаздары өкпелері қабынып пневмония диагнозымен ауруханаға түсті.
Көкшетауда әскери бөлім сарбаздары пневмониямен ауруханаға түсті
997
оқылды

Олардың жағдайы орташа ауыр дәрежеде бағаланып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Ауруханаға жатқызылған барлық сарбаз Көкшетау қаласының 5510 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. 

Көкшетау қалалық көпбейінді қалалық ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери бөлімнен түскен үш солдат та пневмония диагнозымен түскен. 

«Мәселені талдап, жұмыс жүргізіліп жатыр. Ем қабылдаушылар барлық қажетті ем-домды алды. Қазіргі жағдайлары қалыпты», – дейді ведомство өкілі. 

Сондай-ақ 2002 жылы туған тағы бір солдат Ақмола облысының К.Құрманбаев атындағы фтизпульмонологиялық орталығына түскен. Дәрігерлердің айтуынша, емделушінің дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, басы ауырып, тамағы мен кеуде тұсының ауырғанына шағымданып келген. Оған «екіжақты түпкі пневмония» диагнозы қойылған.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы