Дәрі-дәрмектің 2 мыңға жуық түрі қымбаттауы мүмкін.
Парацетамолдың құны 2,5 есеге қымбаттамақ
2,408
оқылды

Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жариялады. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бағаның әп-сәтте өсуі халықтың наразылығын тудырады деген оймен бұйрық әзірге тоқтатылған.

Дегенмен жобаға сәйкес парацетамолдың құны 2,5 есе, йод – 2,1 есе, цефазолин – 2 есе, ампициллин – 32,5%, бисакодил – 2,3 есе өсуі мүмкін.

«Барлығы – 1 728 атау. Оның ішінде антигистаминдер, антибиотиктер, жөтелге қарсы және ел ішінде ең жиі сатып алынатын және сұранысқа ие препараттар бар. Сондықтан қазір қоғамда дүрбелең тудырмау үшін бұл бұйрық тоқтатылды», – деді Ақмарал Әлназарова.

Мамыр айында елімізде дәрі-дәрмек бағасының жылдық өсуі 11% жеткен. Ал ЕАЭО-да бұл көрсеткіш орташа есеппен 4,2% шамасында. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің бағасы өсетінін, бірақ асқақтатып жібермейтіні айтылған.