Алматыдағы Жамақаев көшесінің бойындағы жол опырылып қалды.
Алматыда жол опырылып түсті
Данияр Омурзаков
27,649
оқылды

Алматыдағы Жамақаев көшесінің бойындағы жол опырылып қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған қатысты Медеу ауданының әкімдігі түсінік берді.

"Топырақтың батпақтануы салдарынан Жамақаев көшесіндегі жол жиегі жартылай бүлінді. Диаметрі 100 мм су құбыры мен кәріз құбыры ішінара зақымданды. Жеке инженерлік желілер жартылай зақымданды. Бұған дейін үзіліп қалған су беру жүйесі қалпына келтірілді", – деп хабарлады қала әкімдігі.

Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Мамандар оқиға орнын тексеріп, оның салдарын жойып жатыр.