Әнші катарактаға ота жасатқан.
Халық әртісі Роза Рымбаева көзіне ота жасатты
парақшасынан алынды
6,835
оқылды

Халық әртісі Роза Рымбаева көзінің көруін жақсарту үшін ота жасатқан екен. Бұл жайлы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Осы күннің басты жаңалығын жариялайтын уақыт жетті. Өздеріңіз білетіндей, көзілдірік тағып жүргеніме ұзақ жыл болды. Біраз ыңғайсыздық туындап, зардап шеккенім де рас. Балаларым сеніп тапсырған клиниканың көмегіне мен де жүгінбек болдым. Катарактаға ота жасатқаныма қуаныштымын. Көздеріңізді уақытында емдеңіздер. Енді жаңа өмірге, жаңа маусымға, жаңа концерттік бағдарламаларға алаңдамай кірісе беруге де болады", – деді Роза Рымбаева.

Еске сала кетейік, осыған дейін Роза Рымбаеваның екі ұлы Әли мен Мәди және Ақерке көзіне ота жасатқан болатын.