Мемлекет басшысы телеарна арқылы халыққа үндеу жасады.
Ресейде 24 наурыз жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Фото: ТАСС
1,332
оқылды

Ресей президенті Владимир Путин Крокус Сити Холлдағы терактіден кейін 24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

«24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», – деді мемлекет басшысы телеарна арқылы халыққа жасаған үндеуінде.

Айта кетейік, кеше Мәскеуде Крокус Сити Холл концерт залында камуфляж киген адамдар "Пикник" тобының концерті алдында оқ жаудырған болатын. 

Соңғы мәлімет бойынша, теракт құрбандарының саны 115-ке жетті.