Танымал актриса, кәсіпкер Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының ер жетіп, көзқарас қалыптастырғанын айтты.
Мәмілеге келу қиын: Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының тәрбиесі туралы айтты
3,297
оқылды

Бүгінде өнер иесі 4 баласымен бас қалада тұрып жатыр, -  деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Мектепте каникул басталып, үйге қалай сыйып жатырсыздар? Мына төртеуін қайда жіберсем екен? Қазір баяғыдай емес. Дегенге көнбейді. Өз ойы, көзқарасы, графигі бар. Әрқайсысымен санасып, әрекет етемін. Көбіне төртеуімен ортақ бір мәмілеге келу қиын”, – деп жазды Жұлдыз. 

Сонымен қатар әр баласының әртүрлі қызығушылығы барын баяндап берді. 

“Мәселен,  Нарұл қазір ат спортына қатты қызығып жүр. Жаттығуға күн сайын елден бұрын барып алады. Қайтқысы келмей, аттарды баптап, ер-тоқымын сүртіп жүріп алады. Күзден бері біраз нәтижеге жетті. Бастысы өзі мәз. Алау болса өз әлемінде, Ханды дегеніне көндіріп жүр",– деді актриса.