Өртті сөндіру бойынша жедел штаб ашылды.
Елордада 5 қабатты паркинг өртенді
314
оқылды

Астана қаласында 25 наурыз күні бес қабатты жабық паркинг өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, жеке жабық паркингтің бірінші қабаттындағы қойма бөлмесінде өрт шыққанын анықтады.

– Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 65 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылған. Өртті сөндіру бойынша жедел штаб ашылды. Өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Қызыл жалын сағат 18.56-да сөндірілді.

Өрт алаңы 50 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер жоқ.