Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Абай облысында Аягөз өзені арнасынан тасыды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
943
оқылды

Абай облысындағы Аягөз өзенінде су деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. 

– Аягөз ауданының Аягөз қаласында Аягөз өзенінің арнасынан су көтерілді. Нәтижесінде 5 аула учаскесі су астында қалды. Жергілікті атқару органдарының күшімен 12 адам және 4 бірлік техника күшімен үйінділер жасалып, сондай-ақ, өзен жағасын көтеру және нығайту жұмыстары жүргізілуде. Су басқан тұрғын үйлер жоқ, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Аула учаскелерінен еріген қар суын шығару үшін Абай облысының ТЖД 7 адам, 2 бірлік техника және 3 мотопомпадан тұратын күштері мен құралдары жұмыс атқарып жатыр.