Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы ауыр.
«Жағдайы ауыр»: Қызылордада 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Фото: stockphoto.com
692
оқылды

Қызылорда қаласында 3 жасар ұл бала төртінші қабаттан құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Оқиға облыс орталығындағы «Арай-3» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2021 жылғы ұл бала құлап кеткен.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы ауыр.

«Сәби алған жарақатына байланысты ауруханаға жатқызылды. Балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Оның соңы қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін», – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомство мәліметінше, бұл – жыл басынан бері қайталанып отырған екінші жағдай. Былтыр дәл осындай 14 оқиға тіркелген.