Еліміздің аумағы арқылы жылдам қозғала отырып, ол өзімен бірге жауын-шашын әкеледі, ал таулы аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады.
«Көктайғақ, жел, қар»: 28-30 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: elements.envanto
7,311
оқылды

«Қазгидромет» РМК 28-30 наурызға ауа райы болжамын жариялады, –деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның ауа райын Екатеринбург аудандарынан ауқымды циклон қалыптастыратын болады. Еліміздің аумағы арқылы жылдам қозғала отырып, ол өзімен бірге жауын-шашын әкеледі, ал таулы аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады.

Егер солтүстік аймақтар көктемнің жылы күндерін сезіне алмаса, онда оңтүстік облыстардың тұрғындары 30 наурызға дейін ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін сезінеді.

Циклон сонымен бірге еліміздің көп бөлігінде желдің күшеюін әкеледі, ал солтүстікте көктайғақ болады деп күтілуде.