Әнші Гауһар Әлімбекова «ХабарLike» бағдарламасына сұхбат берді.
«Республика сарайына жолатпаймын»: Гауһар Әлімбекова сахнадан неге көрінбей кеткенін айтты
Фото: kznews.kz
1,714
оқылды

Сұхбат барысында әнші біраз уақыттан бері ән кешін өткізбеуіне не себеп болғанына тоқталды. Айтуынша, концерт өткізуіне әлдекім кедергі жасаған.

«Негізі бұрыннан бір шығып, қайта жоқ болып кететін әншінің қатарынанмын ғой. Жылына бір рет есеп беріп, ән кеш өткізсем, жеңілдеп, өзім рахаттанып қаламын. Бірақ, соңғы 10 жылдың ішінде «Республика сарайында» ән кешін өткізбедім. Бұл маған байланысты дүние болған жоқ. Егер әнімнің тыңдаушысы ретінде мені жақсы білетін болсаңыздар, менің де басымнан біраз жағдай өтті. Осыдан 10 жыл бұрын маған бір кісі «мен тірі тұрғанда сені «Республика сарайынының» маңына жолатпаймын» деп айтқан болатын. Сөйтіп, ол кісі сөзінде тұрды. Маған ән кешін жасатқызбады», - дейді әнші. 

Алайда өнер иесі қанша қиналса да, гитарасын жанынан тастамағанын айтады.

«Концерт ұйымдастыруға кедергі болғанымен қоймай, маған басқа да мәселе тауып берді. Сөйтіп жүргенде өзімнің әнші, сазгер екенімді ұмытып та кеткен уақыттар болды. Бірақ сонда да басыма қанша күн туса да серігім, жаным гитарамды ешқашан жанымнан тастаған емеспін. Жылап жүрсем де, ән шығарып жүрдім», - деді әнші.