«Қазгидромет» РМК 2-4 сәуірге ауа райы болжамын жариялады.
22 градус жылы, тұман, көктайғақ: 2-4 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: 123ru.net
2,642
оқылды

«Қазгидромет» РМК 2-4 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, батыс антициклонының әсерінен еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы күтіледі, ал солтүстікте, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 4 сәуірде күндіз республиканың батысында атмосфералық бөлімдердің өтуімен жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауады, түнгі уақытта солтүстікте және шығыста көктайғақ күтіледі.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, батыста, солтүстікте және оңтүстікте екпінді жел болады деп болжануда. Күндіз батыста және оңтүстікте ауа температурасы 15-22 градус жылыға дейін, солтүстікте, орталықта 10-17 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 10-20 градус жылыға дейін жоғарылайды, ал еліміздің шығысында 0-13 градус жылыдан 2 аяз-10  градус жылыға дейін аздаған ауытқуы күтіледі.