Әлібек Қуантыров KazEnergy Бас директоры қызметіне тағайындалды.
Экс-министр Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды
Фото: egemen.kz
864
оқылды

Қазақстан Республикасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров KazEnergy Бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан мұнай және газ кеңесінің Telegram каналы.

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған.

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген, қолданбалы экономика магистрі.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастады.

2005-2010 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары болды.

2013 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2013-2019 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2019-2021 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімі  меңгерушісінің орынбасары, 2021-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, 2022-2024 жылдары   ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған.