Әнші біраз уақыт өнерден қол үзген болатын.
«Қателігімсің»: Балжан Бидаштың жаңа әні қызу талқыға түсті
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev
4,778
оқылды

Әнші Балжан Бидаш көпшілікке жаңа әніне түсірілген бейнебаянының үзіндісін ұсынды.

Ән «Қателігімсің» деп аталады. Әнші біраз уақыт өнерден қол үзген болатын. Енді жақында жаңа әнін жарыққа шығаратынын хабарлап, тыңдармандарын қуантты. 

«Достар, міне көптен күткен жаңа бейнебаян, жаңа әннің тизері. 4 сәуір менің Youtube каналыма шығады», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Балжан Бидаштың жаңа туындысын желі қолдагушылары қызу талқылап жатыр.  Көпшілігі өнер иесіне қолдау білдіріп, тілегін жазған. 

«Некесі сәтсіз аяқталған қыздарға сенің батылдығыңды берсе ғой», «Керемет, осы Балжанды сағындық», «Балжан стиль, идея, дауысың бәрі ерекше! Жарасың әлі бүкіл әлемге танымал болып», - деп жазды оқырмандар.