Ол Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайран ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі болып қызмет еткен.
Су тасқынымен күрес үшін СҚО-ға көмекке барған түркістандық құтқарушы қайтыс болды
778
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша қаласына су тасқынымен күреске көмекке барған түркістандық құтқарушы, азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Балданов кенеттен көз жұмды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 сәуірге қараған түні 45 жастағы Бекжан Балданов Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың реанимация бөліміне түскен. Бірақ дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Бекжан Балдановтың өліміне жіті миокард инфарктісі себеп болғвн.

Ол Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайран ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі болып қызмет еткен. 

Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін барды. Сол күні кешке өзін нашар сезініп, кейін ауруханаға түскен. Петропавлдағы ауруханаға жатқызу үшін санавиациямен жеткізілмек болған. 

«Төтенше жағдайлар министрлігі, Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтады»,  делінген хабарламада. 

Марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді.