Бұл туралы «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Есіл өзенінде су деңгейі бір тәулікте 5 метрге көтерілді
Фото: inform.kz
1,156
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында күннің жылынуына байланысты қар жылдам еріп, өзендердің суы қауіпті деңгейге дейін күрт көтерілуі мүмкін, –деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидромет» РМК СҚО филиалына сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте Сергеев су қоймасының су деңгейі 75 см-ге көтеріліп, бөген 107%-ға толды. Кешеден бері суы ернеуінен асып, төгіліп жатыр. 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тоқсан би ауылының маңында Есіл өзенінің суы бір тәулікте 492 см-ге көтерілген. Мұндағы қауіпті деңгей – 1 800 см, қазір 1 202 см-ге жетті. Крещенка елді мекені маңында орналасқан гидрологиялық бекетте мамандар су деңгейінің 194 см-ге өзгергенін анықтады. 

Есіл ауданының Покровка елді мекенінің маңында 67 см-ге, Қызылжар ауданының Новоникольское елді мекенінің жанында Есіл өзені 36 см-ге көтерілген. 

Шағын өзендердің де су деңгейі біршама артқан. Атап айтқанда, Ақанбұрлық өзені Возвышенка ауылының маңында – 172 см-ге, Ковыльное елді мекенінің маңында 132 см-ге, Рузаевка елді мекенінің маңында Шарық өзені 145 см-ге, Гусаковка ауылының маңында Бабықбұрлық өзенінің су деңгейі 129 см-ге көтерілді. Алайда әзірге қауіпті деңгейге жете қойған жоқ.