5 сәуір сағат 13.00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 5 облыстың (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4 040 метр болатын жол бөлігін қарғын су басты.
Алты облыстағы 9 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Halyq Uni
545
оқылды

5 сәуір    сағат 13.00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 5 облыстың (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4040 метр болатын жол бөлігін қарғын су басты.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолды су басуына күннің күрт жылынып, соның салдарынан қардың еруі себеп болған.

Сондай-ақ 6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 9 автомобиль жолында (ұзындығы 534 шақырым) көлік қозғалысына шектеу қойылды.

«Қазіргі таңда республикалық жолдарда 764 бірлік техника мен 1 844 адам жұмылдырылған», делінген хабарламада.