Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеу­меттік ғылымдар факультетінде ғылым онкүндігі аясында «Ха­лық­тың өмір сүру деңгейін жақсарту және өмір сүру сапасын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік саясаттың оңтайлы моделін әзірлеу және оны сарапшылық қоғамдастықта сынау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Кедейлікті бағалаудың жаңа тәжірибелері талқыланды
476
оқылды

Жиынға шетелдік сарапшылар, кафедра мүшелері, ұлттық акаде­миялық сарапшылар қауымда­с­ты­ғының өкілдері, сондай-ақ жас зерт­теушілер қатысты.

Басқосуда халықтың әл-ауқаты мен кедейлік деңгейін бағалаудың, кедейлікпен күрестің, табысты арттырудың отандық және шетелдік тәжірибелері талқыланды.

Атап айтсақ, әлеуметтану ма­гис­трі А.Айқынбайқызы Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік саясат­қа талдау жасай келе, кей мемлекеттердегі кедейлік себептеріне тоқталды.

«Мысалы, Тәжікстандағы ке­дейліктің себептеріне диверсифи­кацияланбаған экономика мен экспорт базасы, еңбек мигрант­та­рының ақша аударымдарына тәуел­ділік, борышқорлық дағда­ры­сына ұшырау тәуекелін жатқызсақ, Түркіменстандағы кедейлік себептері ретінде ұзақмерзімді әлеу­меттік-экономикалық дағдарыс, ав­торитарлық режим, азық-түлік дағ­дарысы, жеке кәсіпкерлікке көр­сетілетін қысым мен мұнай-газ саласы кәсіпорындарына жоғары салық жүктемесін артуын айта аламыз», – деді зерттеуші.