Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті.
Бірде-бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайды – Президент
867
оқылды

Президент облыстағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Су басу қаупін сейілту үшін барлық шара қабылданып жатыр және бұл жұмыстар одан әрі күшейтіледі.

Үкімет қарғын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді, сондай-ақ материалдық шығындар өтеледі.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновпен  сөйлесу барысында Президент ешқандай отбасы, бірде-бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды.