Олардың ішінде екі жүкті әйел, 8 босанған әйел мен 13 бала, соның ішінде 4 жаңа ғана дүниеге келген нәресте бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Су басу аумағынан реанимация бөлімінің 3 науқасын, хирургия бөлімінен 7, терапия бөлімінен 6 адамды эвакуцияладық. Жалпы, Атырау облысынан Бейнеу ауруханасына келетін науқастар үшін 300 төсек-орны дайындалды. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде, – деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев azh.kz сайтына.
Айта кетейік, Құлсарыдан Бейнеу ауруханасына дейінгі қашықтық 225 шақырым құрайды. Эвакуациялау жұмыстарына 14 реаномобиль, 1 Икарус автобусы тартылып отыр, науқастардың қасында 8 дәрігер бар.