"Қазгидромет" РМК 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде ауа райы құбылмалы болады, көбіне жаңбыр жауады. Жауын-шашын тек республикамыздың солтүстік өңірін айналып өтеді.
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады. Республикамыздың оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады деп болжанады.
Жауын-шашынсыз ауа райы антициклон ағымы әсерінен тек солтүстік аймақтарда ғана болады. ҚР бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрып, найзағай ойнайды.