Қостанай облысының Қарасу ауданында 200-ге жуық ауыл тұрғыны эвакуацияланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
5 сәуірден бастап жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды. Су тасқынының салдарын жоюға бағытталған жұмыстар қарқын алды.
«Барлық қызметтердің алдындағы басты міндет - адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Полиция су басқан аумақтардағы ахуалды және тұрғындар мүлкінің сақталуын бақылауда ұстап отыр», - делінген хабарламада.