Атырау облысы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды
856
оқылды

"Табиғи  сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімге Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қол қойды.

2024 жылдың 7 сәуірі сағат 8:00 шамасындағы гидрологиялық мониторинг мәліметі бойынша, жоғары Жайықтың (Ресей) су деңгейі көтеріліп жатыр.

Батыс Қазақстан облысындағы Январцево су бекетінде су деңгейі тәулігіне 28, Жайықта 9, Көшімде 26, Тайпақта 51 сантиметрге көтеріліп отырғаны байқалады. 

«Жайыққа келсек, өткен тәуліктерде Индербор кентіндегі гидробекетте су деңгейі 55, ал, Батыс Қазақстан облысынан қосылатын судың есебінен су тасығаннан бері жалпы су көтерілу деңгейі 139 сантиметрге жетіп отыр. Махамбет ауылында су 42, Атырау қаласында 8 сантиметрге көтерілді. 7 сәуірде Иректі су қоймасынан жіберілетін су көлемі 1 670 текше метрді құрайды», – делінген хабарламада.

Баян Жанұзақова