Елімізде су тасқынына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр. 6 өңірде 3698 жекеменшік үй су астында қалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев ОКҚ алаңында мәлім етті.
Үкімет басшысының орынбасары мәлімдегендей, автожолдардың 155 учаскесін су шайған. Су шайған 88 учаске бақылауға алынды. Оның 4-і – көпір. 58 елді мекенге көлік қатынасы жоқ. Оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр
«10 өңірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарында 17 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. 1900-ден астам теxника, 500 бірлікке жуығы – сору теxникасы мен жүзу құралдары бар. Төтенше жағдай аймақтарынан 70 мыңнан астам адам көшірілді. Оның 17 мыңға жуығы – балалар. Ауа райы болжамы бойынша, таяу арада күн жылы болады. Қардың жылдам еруі және су айдындарының толуы жалғасатын болады. Бүгінгі күні қар жатқан жерлер жалпы еліміз бойынша 15%, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 40%-ға жуық болып жатыр», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.