Бүгін ауа райы қандай болады?
Нөсер жауын, жел, тұман: 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы
1,682
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде қар аралас жаңбыр күтіледі. 

Қазақстанның орталығында және күндіз солтүстігінде нөсер жауын жауады деп болжанып отыр. Тек оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің мәліметінше, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстігінде найзағай ойнайды, оңтүстікте бұрқасын болады.