2024 жылғы 8 сәуір күнгі сағат 07:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3206 метр болатын су тасқыны орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында (ұзындығы 679 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда жұмысқа 305 бірлік техника мен 357 адам жұмылдырылған.