Жарнамадан мол табыс табатын Instagram-ның танымалдығы туралы businessinsider.com сайты жазды. Aikyn.kz америкалық сайтқа сілтеме жасай отырып әлеуметтік желінің табысын басқа платформалармен салыстырып талдайды.
Instagram-ның құны 440 миллиард доллар. Фото istockphoto.com сайтынан алынды. Авторы: oatawa
2010 жылдың 6 қазанында қосылған сәттен бастап Instagram ең көп пайдаланушысы бар әлеуметтік желілердің біріне айналды. Бұл қолданбаны бір айда 2 млрд адам белсенді пайдаланады. Facebook әлеуметтік желісінің 2,96 миллиард белсенді қолданушысы бар. Метаға тиесілі тағы бір желі WhatsApp мессенджерін де ай сайын 2 миллиардтан астам адам қолданады екен.
Instagram-да тіркелгендер саны мына елдерде көп: Үндістан, 263,3 миллион аккаунт; Түркия, 153,6 миллион аккаунт; үшінші орында Бразилия, 119,6 миллион белсенді қолданушысы бар. Instagram-ға 50 миллиардтан астам фотосурет жүктелген. Instagram-ды қолданушыларының 53%-ы ерлер, 47%-ы әйелдер. Қолданушылардың 70%-ы 35 жасқа толмағандар, олар Instagram-да күніне орта есеппен 32 минут отырады.
Өзара әрекеттесу үшін ең белсенді уақыт сәрсенбінің 17:00-ден 19:00-ге дейінгі уақыты екен. Instagram желісіндегі жазылушылардың саны бойынша көш бастап тұрған португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду – 607 миллион жазылушысы бар.
Instagram-ның бас директоры Адам Моссери. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Tom Williams
Әлеуметтік желі 2021 жылы YouTube-пен салыстырғанда жарнамадан көбірек табыс тапқан. Google-ға қарасты YouTube платформасы жарнамадан 28,8 миллиард доллар табыс тапса, 2021 жылы Instagram-дағы жарнамадан түскен табыс 32,4 миллиард доллар болған. Бұл Meta-ның жалпы кірісінің 27%-ын құрайды.
Meta 2012 жылы оны сатып алғаннан бері қарқынды өскенін Instagram-ның кіріс көрсеткіштері жақында ғана жарияланды. Facebook, Instagram және WhatsApp Meta-ның құрамына кіретін әлеуметтік платформалар.
YouTube жарнамадан түсетін әрбір доллардың 55%-ын контент иелеріне төлейді. Фото istockphoto.com сайтынан алынды. Авторы: AsiaVision
Осылайша Instagram Meta компаниясының жалпы бизнесінің маңызды бөлігін құрайтын алып желі екені анықталды.
YouTube жарнамадан түсетін әрбір доллардың 55%-ын сайтқа видео жүктеп салатын контент иелеріне төлейді. Instagram мен басқа да көптеген әлеуметтік желілердің бұндай шығындары мүлдем аз. Олар әлі де пайдаланушылардың көпшілігі желіге фотолар мен видеоларды тегін беруін күтеді.
Жақында белгілі болған құжаттарда Instagram-ның Мета басшылығымен қаншалықты жылдам өскенін көруге болады. Meta (кезінде Facebook болған) бірнеше ғана қызметкері бар табыс әкелмейтін фотоларды бөлісетін стартап болған Instagram-ды 2012 жылы 1 миллиард доллар төлеп сатып алған. Қазір Instagram-ның бас директоры Адам Моссери, ол бұрын Facebook өнімін басқарған.
Төмендегі видеода әлеуметтік желінің зиянды әсері туралы айтылады. Бұны да білу керек:
Журналистерге белгілі болған құжатта: «Instagram 2018 жылы жарнамадан $11,3 млрд, 2019 жылы $17,9 млрд, 2020 жылы $22 млрд, 2021 жылы $32,4 млрд және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында $16,5 млрд табыс тапты» деп көрсетілген.
Осы тұста ескеретін бір мәселе бар. Өткен айда сарапшылар YouTube-тің құны 400 миллиард доллар болуы мүмкін екенін айтқаны белгілі. Бұл жаңа қаржылық өлшемдер Instagram-ның нарықтық құны да осы шамалас болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Қалай дегенмен де Instagram-ның өсу қарқыны жалғасуда және ол қазір Мета-ның жалпы кірісінің шамамен үштен бірін құрайды деп болжауға болады. Егер Мета-ның қазіргі нарықтық капитализациясы 1,34 триллион доллар болса, онда оның табысының үштен бірін құрайтын Instagram-ның құны 440 миллиард доллар болатынын есептеп шығу қиын емес. Өз суретіңізді бұл желіге жүктегенде осы жағын да ойлау керек шығар.