Қарағанды облысы Шет аудандық “AMANAT” партиясының төрағасы Бауыржан Баданов аймақта су апатынан зардап шеккен ауылдарға көмектесіп, “Қиындықта ел бірге” акциясының жалғасып жатқанын жеткізді.
Қарағандылықтар қиындықта қалған ағайынға көмектесіп жатыр
Фото: amanatpartiasy.kz
789
оқылды
“Қиындықта ел бірге” акциясына орай Қарағанды облысы Шет ауданында су апатынан зардап шеккен ауыл-аймақты аралап, ағайынға көмек көрсетіп жатырмыз. Мысалы, жергілікті әкімдік пен ерікті жастардың арқасында Ақсу – Аюлы округіне қарасты Қайрақты ауылына, Красная Поляна округі, Деріпсалы, Қарамұрын мен Нұраталды округі және Ақсу, Аққияқ Шопа елді мекендерінің тұрғындарына азық-түлік пен киім-кешек, балалар арналған жаялық таратылып, көмегін беріп жатыр.
Сондай-ақ "күшіміз бірлікте" демекші, басымызға түскен қиыншылықта көмек қолын созған жандар да аз емес. Атап айтар болсақ, оның ішінде елімізге танымал тележургізуші, блогер Динара Сәтжан, Қарағанды қаласы Шығыс сауда үйінің кәсіпкерлері, Әнет баба атындағы облыстық мешіт жамағаты, "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының Қарағанды облыстық филиалы ұжымы және Шет ауданының жеке кәсіпкерлеріне алғысымыз шексіз. Оған қоса, Шет ауданының депутаттары Қайрақты ауылының тұрғындарын дәрі-дәрмек, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Мұндай ізгілікті іс алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін, – дейді Шет аудандық “AMANAT” партиясының төрағасы Бауыржан Баданов.