Республика аумағының басым бөлігі әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде), күндіз жаңбыр болжанады.
Найзағай, бұршақ, жел: 9-11 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: nur.kz/ Петр Карандашов
3,846
оқылды

"Қазгидромет" РМК 9-11 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Республика аумағының басым бөлігі әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде), күндіз жаңбыр болжанады.

Қатты жаңбыр 9 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, қатты жауын-шашын 09-11 сәуірде шығыста, 11 сәуірде орталығында күтіледі, сондай-ақ жел күшейеді, оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ және қатты жел болжанады.

Күндіз республиканың солтүстігінде ауа температурасы 0-8 градус жылы, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта 5-15 градус жылы, батыста және оңтүстікте 15-23 градус жылы болады.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.