Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) 13 автомобиль жолында (ұзындығы 673 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Алты облыстағы 13 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: primeminister.kz
318
оқылды

2024 жылғы 8 сәуір күнгі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) 13 автомобиль жолында (ұзындығы 673 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарлады.

Көліктің барлық түріне келесі жолдарда шектеу қойылды:

Ақмола облысы:

– «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 553-595 шақырымы, Сұрған ауылы – СҚО шекарасы учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

Ақтөбе облысы:

– «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолының 3-92 шақырымы, Қандыағаш қ. – Ембі қ. учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

Атырау облысы:

– «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» тасжолының 4-119 шақырымы, Доссор а. – Құлсары қ. учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

– «Мұқыр-Құлсары» тасжолының 0-136 шақырымы, Доссор а. – Құлсары қ. учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

Қостанай облысы:

– «Мариновка ауылына кіреберіс» тасжолының 0-9 шақырымы. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

– «Денисовка Тавриченка-Аршалы-Комаровка» тасжолының 42-96 шақырымы, Приреченка-Комаровка ауылдарының учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

– «Қостанай-Жақсы-Қарабұтақ-Қостанай» тасжолының 4-5 шақырымы, Гашека көшесі – «Көктем» бақша бірлестігі учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

Маңғыстау облысы:

– «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» тасжолының 210-220 шақырымы, Атырау облысының шекарасы – Боранқұл а. учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.


Солтүстік Қазақстан облысы:

– «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» тасжолының 0-47 шақырымы, Рощинское – Корнеевка ауылдарының учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

– «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 701-706 шақырымы, Новоишимское ауылының учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

– «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» тасжолының 201-228 шақырымы, Шағалы – Рощинское ауылдарының учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.

– «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» тасжолының 0-32 шақырымы, Волошинка – Кривощеково ауылдарының учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.


– «Жезқазған Петропавл» тасжолының 595-701 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы – Новоишимское ауылының учаскесі. Бұл учаскеде көлік кептелісі жоқ.